Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген
2022 жылдың 12 айында Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келді (446,4 мың – 2021), оның 51,5% – ұл, 48,% – қыз, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,57 құрады, 2021 жылы ол көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 23,50 туылған нәресте деңгейінде болды.
Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) тіркелді. Ең төмен туу көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,96) байқалды.
2022 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31,5 жасқа дейін ұлғайған (2021 – 29,5 жас, 2020 – 29,3 жас), қалалық жерде – 31,9 жас (2021 – 29,9 жас), ал ауылдық жерлерде – 31 жасты (2021 – 29,1 жас) құрады.
Қазақстанның басым өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орта жасы республикалық деңгейден жоғары болды.
Республикалық маңызы бар қалалардағы бала туу кезіндегі әйелдердің ең жоғары орта жасы Астана – 32,5 жас, Алматы – 32,3 жас, ең төменгі орта жасы Түркістан облысында – 30,2 жас болды. Бұл ретте алғаш босанғандардың орташа жасы 26,8 жасты құрады.
Туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) – репродуктивтік кезең бойы (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны – 2022 жылы республика бойынша – 3,05 (2021ж. – 3,32), қалалық жерде – 2,76 (2021ж. – 3,08), ауылдық жерлерде – 3,59 (2021ж. - 3,75) құрады.
Ел өңірлерінің ішінде ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,52), Маңғыстау (4,15) облыстарында, ал ең төмені Қостанай (1,97) және Солтүстік Қазақстан (1,87) облыстарында тіркелді.
Дүниеге келген балалардың төрттен бір бөлігі дерлік тұңғыш бала – 100 мың, 94,4 мыңы – отбасында екінші болып туылған, сегізінші боп туған бала саны – 1 мың бала.
Өткен жылы 4063 (2021ж. – 4216) егіз және 50 (2021ж. – 43) үшем дүниеге келді.