00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 145 мың қызмет көрсетілді

4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 145 мың қызмет көрсетілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Портал мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен қызметтерді ұсынушы мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elorda.info.

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. 

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар кіреді. 

Бүгінгі күні порталда 885 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық, 658 ОТҚ жеткізуші, 29 мыңға жуық жеке көмекші, 734 ымдау тілі және 112 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген. «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.