00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

10 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% –Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.