Биыл 260 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views46
Биыл 260 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға 18,6 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Осы жылдың 1 тамызына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 80,3 мың балаға 2,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.