Биыл 15 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды
12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Elordainfo
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 754 кәсіпорны 19,4 мың жұмыскерге 5,7 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 833 нұсқама беріліп, 105,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,1 млрд теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:42
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады