00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін

25 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз WhatsApp, Instagram және басқа да әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.

Мұндай шектеу шарасы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарынан белгілі болды.

Жобада Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны көрсетілген. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.