00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

18 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады
коллаж Elorda.info

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Денсаулық сақтау саласының маңызды жетістіктерінің ішінде ол қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының өскенін атап өтті, бұл тарихта алғаш рет 74,4 жасты құрады.

Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жоба іске асырылуда, 600-ден астам медициналық объекті салынуда, кадрлар даярлануда және заманауи технологиялар енгізілуде. Бұл, әрине, ауылды дамытуға және жандандыруға зор үлес қосатыны сөзсіз, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Министр ауылдағы медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегін ерекше тоқталды, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық жүйедегі әріптестерінің маңызды рөлін атап өтті. Олардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында халық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі, профилактикалық тексерулер жүргізіледі, пациенттер одан әрі емдеу үшін қажетті консультациялар мен қолдау алады.

А. Ғиният мыңдаған бала мен ананың өмірін сақтап қалған ана мен бала денсаулығын сақтау қызметінің жұмысына жоғары баға берді.

Бүгін біз, құрметті әріптестер, Мемлекет басшысының мақсаттарын іске асыруға және азаматтарымыздың өмірі жақсы, сапалы және ұзақ болуы үшін тікелей жауаптымыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.