00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады

11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
ашық дереккөз

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді, деп хабарлады Elorda.info

Қаулы жобасы бүгінгі Үкімет отырысында бекітілді.  

Бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие, оның ішінде 37 адам мемлекеттік мәдениет мекемелерінде қызмет істейді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта берілетін болды. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсаңында марапатталады.

Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.