00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда көмірді ашық сатудың механизмі енгізіледі

22 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда көмірді ашық сатудың механизмі енгізіледі
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары қаралды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиында қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды.

Премьер-министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибені ескере отырып, цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты.

Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында біркелкі бөлуді қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді, - деді ол.