00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Оңалхан Оңерхан

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларды іске асыру барысы және Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» ҚХА жаңа депутаттық топтың қызметі талқыланды.

Кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов, Парламент Сенатының депутаттары Н. Жүсіп және З. Кузиев баяндама жасады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясында еліміздегі этносаралық саясаттың негізгі бағыттарына қатысты маңызды мақсат-міндеттерді айқындаған тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндады.

Атап айтқанда, еліміздің этностарын біртұтас ұлтқа ұйыстыруға, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын, мемлекеттік тілді үйренуді ілгерілетуге, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын жетілдіруге және олардың азаматтық қоғам өкілдерімен, партиялармен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтылды.

Кеңес отырысы аясында Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақовтың, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкиннің ҚХА кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті, онда еркін форматта еліміздің этномәдени қоғамдастығы өкілдерін толғандыратын мәселелер талқыланды.