Астанада жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған әйел ұсталды
15 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратура, полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымы бойынша рейд жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, рейд барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жастағы әйелді анықтады. 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.
Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйел үйқамаққа алынды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады