00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ресейлік екі азамат ұшақ бортында темекі шеккен

26 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ресейлік екі азамат ұшақ бортында темекі шеккен
Фото: gov.kz

Мәскеу-Астана бағытындағы ұшақ бортында темекі шеккені үшін екі ресейлік ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыз берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электронды темекі шеккен және бортсеріктердің ескертулеріне жауап бермеген. Көлік полицейлері тексерген кезде мас күйінде болған 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының азаматтары анықталды, - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша құқық бұзушыларда алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталды. Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 441-баптың 1-2-бөліктері (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) бойынша екі әкімшілік материал жасалды және әрқайсысына 55 АЕК (шамамен 190 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.