Астанада 10 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық әйел табылды
1 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: polisia.kz
Із-түссіз жоғалып кеткен әйел Астанадан табылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында әйелдің жеке басын тексеру үшін полицияға жеткізілген болатын. 36 жастағы әйел Қырғызстанның тумасы екені анықталды. 2014 жылы Қазақстанға келген, сол уақыттан бері туыстарымен, достарымен байланысын үзген.
Астаналық полицейлер Қырғызстан елшілігімен бірлесе отырып азаматшаның туған ағасын табуға көмектесті. Қырғызстан елшілігі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін және әртүрлі себептермен Қазақстан Республикасында қиын өмірлік жағдайға тап болған Қырғызстан азаматтарына көрсетілген үшін алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді