Астана әуежайында ұшақтарды қабылдау мен ұшуға шектеу қойылады
27 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады, деп хабарлады Elorda.info
Әуеайлақ жергілікті уақыт бойынша сағат түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін әуе кемелерін қабылдау және ұшыру үшін жабық болатынын еске саламыз. Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Өз рейсіңіз туралы ақпарат алу үшін авиакомпаниялармен байланысуларыңызды сұраймыз,- деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ әуежай өкілдері орын алуы мүмкін қолайсыздықтар үшін жолаушылардан алдын ала кешірім сұрайтындығын және түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіретіндігін жеткізді. .
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді