00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай еске алу жиыны өтті

14 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай еске алу жиыны өтті

Жиналғандар оның жасаған жақсылықтарын айтып, Қазақстанның дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға Президенттің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Берік Уәли арнайы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  хатын оқып берді.

Құрметті қауым! Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру – ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері – Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын. "Тарих – таразы" деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – делінген хатта.