Алматыда 85 жастағы әже ҰБТ тапсырды

фото: instagram.com/testcenterkz
Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға 85 жастағы Нұрихан есімді әже қатысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Ол жастық шағынан бері қол жетпеген арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған.
«Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, «Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес» екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді»,- делінген хабарламада.
Алайда компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды. Дегенмен, Нұрихан апа алдағы уақытта компьютерді үйреніп, келесі жылы тестке қайта қатысуға ниет білдірген.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:49
115 жаста: ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады

29 қыркүйек, 2025
Биыл 9,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

29 қыркүйек, 2025
Елде 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

29 қыркүйек, 2025
Әскердегі сарбаздар мектептегі ұстаздары және оқушылармен тілдесті