4 мыңнан астам жас кәсіпкерге шағын несие беріледі
1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жеңілдетілген шағын несие алуға 6 мыңнан астам өтінім түскен, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Шағын несиенің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Қазірдің өзінде осы талаптарға сай келетін 4 122 жоба мақұлданды.
шағын несие алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (851), Жамбыл (514), Қызылорда (434), Алматы (401), Батыс Қазақстан (393), Қарағанды (392) облыстарынан түсті.
Конкурстық комиссиялардың шешімімен 4 122 жоба мақұлданды, оның ішінде 3 222 жобаны іске асыруға несие берілді. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды, - делінген министрлік ақпаратында.
Сондай-ақ, шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. 4 қыркүйектен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілген.
Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады:
- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;
- республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;
- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;
- жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;
- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;
- мамандандырылған техника.
Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
жеке басын куәландыратын құжат;
жоба бойынша бизнес-жоспар;
шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.
Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер барлық облыстармен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қабылдануда.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары мына сайтта көрсетілген.