00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендей ме – Министр жауап берді

Шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендей ме – Министр жауап берді
ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнетке шығу жасы қайта қаралып, нақтыланып жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Біз қазір шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз, - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Тамара Дүйсенова сондай-ақ шахтерлердің 63 жасқа дейін жұмыс істеуі мүмкін еместігімен келісітінін айтты.