00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы сауда үйі дизельдің бағасын себепсіз өсірген

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордадағы сауда үйі дизельдің бағасын себепсіз өсірген
ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі үстемдігін теріс пайдалану фактісі бойынша «ТЭК Қазақстан» сауда үйі» ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу қорытындысы бойынша «сұйық, сусымалы және тараға салынған жүкті (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу» қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталды.

Тергеу материалдары Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.