Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдікті ұстады, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.
Төртеуі биыл қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресейге өтуді жоспарлаған.
Алайда Ресейге кіруге шектеуі болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады