00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Техникалық ақаулар»: Қазақстан қашан цифрлы елге айналады

31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Техникалық ақаулар»: Қазақстан қашан цифрлы елге айналады
ашық дереккөз

Біздің елде әлеуметке арналған өтінім беретін сайттар «техникалық ақауларға» байланысты жиі істен шығады. Мәселен, бүгін автонесиеге арналған платформа бір минутқа жетпей, тоқтап қалды. Оны мамандар сайтқа адамның көп кіруімен байланыстырып отыр. Әдеттегідей. Ал мұны әлеуметтік желі қолданушылары сын садағына алды, деп жазады Elorda.info

761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгеріпті... Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың ішінде 125 мың адам кірген!

Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды, - деді Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері. 

Келесі өтінім наурыз айынан бастап ай сайын қайта жалғасатын көрінеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұған дейін Egov.kz порталы да жиі істен шығатын. Сондай-ақ осыдан 1-2 жыл бұрын зейнетақы қорын есептейтін ENPF-OTBASY.KZ жүйесінен де ақау шығып, жұрт бір шулап қойған. 

Бұдан бөлек әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына берілген 42 500 теңге әлеуметтік көмек естеріңізде шығар? Соған арналып жасалған 42500.enbek.kz сайта да ашылған күні-ақ істен шыққан. Айта берсе, мұндай мысалдар жетеді-ақ. Ол - ол ма, басқасын айтпағанда, біздің елде интернеттен де жиі ақау шығып тұрады. Жұрт цифрлану ғасырында мұндайға жол беріп жүрген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді сынға алады. 

Бірақ олардың жауаптары дайын: «Техникалық ақауларға байланысты істен шықты». 

Қазір – ХХІ ғасыр…

Айтпақшы, 2017 жылы бастау алып, былтыр мәресіне жеткен – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықты жарылқап бітті ме?.. 

Жалпы, біз қашан цифрлы елге айналамыз, Мусин мырза?..