00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалықтар былтыр алаяқтарға 150 млрд теңгені санап берген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалықтар былтыр алаяқтарға 150 млрд теңгені санап берген
ашық дереккөз

Былтыр елордада интернет алаяқтық салдарынан миллиардтаған шығын келген, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қалалық ПД Криминалды полиция басқарма басшысынының орынбасары Қайрат Мәдиев айтуынша, жыл басталғалы 443 интернет алаяқтық фактісі тіркеліп, салдарынан 250 млн теңге шығын келген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша интернет алаяқтық әрекеттерден келген шығын 150 млрд теңгені құрады. Оның 150 млн теңгесі ғана қайтарылды. Ал жыл басталғалы 443 интернет алаяқтық факті тіркелді, салдарынан 250 млн теңге шығын келді, – деді ол ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Қайрат Мәдиев алаяқтардың алдау әдістері туралы да айтты.

Олар көбіне өзін банк қызметкерімін деп таныстырады. Одан әрі клиенттің сеніміне кіріп, теріс әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни клиенттің жеке мәліметтерін алуға тырысады. Одан әрі жағдай түсінікті, - дейді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің атын жамылып хабарласатын алаяқтар да бар екен. Ол бойынша бірнеше факті тіркелген.