Ресейде іздеуде жүрген әйел Қазақстан шекарасында ұсталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстан шекарасында ресейлік құқық қорғаушылар іздеп жүрген әйел ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz-тің мәліметінше, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Шемонаиха ауданы ПБ-ның қызметкерлері ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, республиканың мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Ресейдің 41 жастағы азаматын ұстаған.
Ресейлік әйел былтыр қыркүйек айынан бері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Оның 2021 жылдың қазан-қараша аралығында жалға алған тұрғын үйлерден үй иелерінің мүлкін ұрлағаны анықталған. Келтірілген залал мөлшері – 150 мың рубль.
Ұсталған адам Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінгі күні прокуратура органдарымен бірлесіп, оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады