Елімізде табиғи газ өндіру көлемі азайды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл он айда елімізде ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.
Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:42
Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Бүгін, 09:57
Демалыс лагерьлеріне жолдама «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуі мүмкін
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді