00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар бір-бірін қайталай ма: депутат жаңа заңға қатысты пікір білдірді

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар бір-бірін қайталай ма: депутат жаңа заңға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз

Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжанов қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

 Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай «Жаңа заң жобасы қолданыста бар стандарттарды қайталамай ма?» деп сауал қойды.

Заң жобасына сәйкес өкілетті орган қазақы ит тұқымдарының стандарттарын бекітеді. Сонымен қатар қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген, үйде ұстайтын қазақы ит тұқымдарына қатысты қолданыста бар. Осыған байланысты біздің білгіміз келетін нәрсе, осы стандарттар бір-бірін қайталамай ма? Олардың қайсысы қазақы ит тұқымдарын анықтау үшін негіз болып табылады? Және осы стандарттарды әзірлеу негізінде қазақы ит тұқымдарының ішінде құмай, өжет, сырттанның әртүрлілігі қалай ескеріледі? Осыны айтып берсеңіз, - деді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай.

Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, жаңа заң жобасында өзгешеліктер бар.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша арнайы заң бар. Біз қазір соған сүйеніп жұмыс істейміз. Бірақ тазы иттер тұқымдарына қарай бойы мен жүні әртүрлі болып келеді. Қазір еліміздің әр өңірінде тазы иттермен айналысып жүрген көптеген азаматтар бар. Алайда олардың асырап жүргені түрлі тұқымдастар. Тіпті түріне қарасаң да, бойлары бірдей емес. Сондықтан осы мәселеге қатты көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, осы заң шыққан соң өңілетті орган ғалымдар мен сарапшылармен бірлесіп, жаңа стандарттарды әзірлейтін болады. Бұрын бұндай стандарт болған жоқ. Сондай-ақ төбеттердің де стандарты жасалатын болады. Оның да бойы, ежелден келе жатқан тарихына қарап, жан-жақты стандарт дайындайды. Ал енді жаңа заң беткітілген соң қазіргі заң алып тасталынады, – деді Әмірхан Рахымжанов.