Ресейден көшіп келген этникалық қазақтар қай өңірлерге қоныстанған
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат сұраған этникалық қазақтардың саны белгілі болды. Бұл турады Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Tengrinews.kz мәліметінше, ІІМ 2022 жылдың 1 наурызы мен 1 қарашасы аралығында 3999 этникалық қазаққа тұрақты тұруға ықтиярхат берілгенін мәлімдеді. Ал олардың көпшілігі басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтардың ең көбі Өзбекстаннан көшіп келген – 2267 адам. Екінші орында Ресей – 773 адам. Одан кейін Моңғолия (328), Қытай (297), Түркіменстан (172), Қырғызстан (39) елдерінен келгендер.
Келген қазақтар негізінен халқы көп өңірлерге – Шымкентке – 785, Түркістан облысына – 715, Астанаға – 702, Маңғыстауға – 608, Алматы облысына – 526, Алматыға – 326 және т.б. орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады