00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Несиесін төлеу үшін ағзаларын сататындар көбейді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Несиесін төлеу үшін ағзаларын сататындар көбейді
ашық дереккөз

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов арнайы брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Адам саудасымен айналысатындар материалдық мақсатты ғана көздейді. Олар түрлі айла-тәсілдер қолданып, құрбандарға зорлық-зомбылық көрсетуге дейін барады. Тәжірибе көрсеткендей, халықтың әлеуметтік осал топтары мұндай жағдайларға көбірек тап болады, – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Айтуынша, бұған көбінесе жұмыссыздық, сауатсыздық, интернеттің ықпалы, оңай олжа табуға ұмтылу сынды факторлар әсер етеді.

Жаңа туған нәрестелер балаларды сату қылмыстарының негізгі нысанына айналады. Адам ағзасын сатуға – қарыздық міндеттемелер (несие) ықпал етеді. Бұған бір жағынан заңнаманың жетілдірілмеуі, репродуктивті денсаулықтың нашарлығы да ықпал етеді. Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, – деді Қанат Нұрмағамбетов.