«Біраз жігітті білеміз...»: Белгілі имам анасының аяғын жуатындарды сынап тастады (ВИДЕО)
Белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы анасының аяғын жуғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейтіндерді сынға алды, деп жазады Elorda.info.
Ол мұндай әрекет істеген адамның, тіпті, күнәға батуы мүмкін екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтап жүрген молданың ВИДЕОСЫ тарады
«Душқа тыржалаңаш түсуге болмайды»: Имамның сөзін жұрт күлкіге айналдырды (ВИДЕО)
Жәннатта әйелдерге «хор жігіттері» беріледі – дінтанушы
Қазір сәнге айналып бара жатқан бір нәрсені айтқым келеді, ол – анасының аяғын жуып, инстаграмға салу. Шетелден бір кісі бастап берді, мүмкін ол үлгі болсын деген ниетпен бастаған шығар. Жасайтын болсаң, көрсетпей жаса.
Біреудің анасы жоқ, аяғын жуайын десе, жүрегін ауыртпасын.
Сондан кейін анасының аяғын жуатын біраз жігітті білеміз, инстаграмда жоқ кезде қалай сөйлейтінін.
Аяғын шешіп, саны мен балтырын бүкіл дүние жүзіне көрсету сауап емес, күнә. Ананың батасын алу – аяғын жуу емес. Осыны түсініп алу керек. Сосын қажылыққа апардым ғой, шубаңызды, брилиантыңызды әпердім ғой деп міндет қылатын балалар бар. Ол дұрыс емес, - дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Желі қолданушылары да имамның бұл сөзін қолдай кеткен.