Тілеухан 25 жастағы ресейлік қызға үйленіп алды (ФОТО)
Мәжілістің экс-депутаты, бүгінде Түркияда тұрып жатқан Бекболат Тілеуханның інісі Мейрам Тілеухан әйелі, қоғам белсендісі Тоғжан Қожалиевамен ажырасып, 25 жастағы ресейлік София Кляйнға үйленген, деп хабарлады Elorda.info.
Саратов қаласында тұрып келген оның әкесі неміс болса, ал анасы – қазақ.
Менің өмірімнің жаңа кезеңі.
Ол өте өзгеше, бірақ маған қатты ұнайды.
Соңғы уақытта көптеген өзгеріс болды, басқа елге көшу, тілдерді үйрену, көлік жүргізуді қайта үйрену (жол апатынан кейін тіпті мұқият боламын), үй салу, никах, үйлену тойына дайындық, намаз оқуды үйрену, Исламды зерттеу.
Мен жұмысты қатты сағындым, макияжбен айналысуды бастағым келеді…
Кейде айналадағы және ішіңдегі көптеген өзгерістен психологиялық тұрғыдан қиын болады, бірақ мен оны жеңе аламын, - деп жазды ол.