00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенат қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды
ашық дереккөз

Сенат Бюросының мүшелері 27 қазанда өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Сенаторлар ертеңгі отырыста екі заң жобасын қарайды. Олар: «Рақымшылық жасау туралы» және «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы бастамасы гуманизмнің және ізгіліктің жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялауды тапсырды. Соған байланысты бір топ Парламент депутаты тиісті заң жобасына бастамашылдық жасады. Алдағы уақытта қажетті жұмыстарды атқарып, қорытындыларын алып, аталған заңды барынша тезірек қабылдауымыз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасының нормалары қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағандарды жазадан босатуды көздейді. Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтегендерден соттылығы алынады. Заң жобасы арқылы ауыр қылмыс жасағандар үшін сот тағайындаған жаза төрттен үшке, ал аса ауыр қылмыстар үшін – жартысына қысқартылады.

Сондай-ақ заң жобасында босатылатын адамдарды жұмысқа орналастыруды, оларға медициналық көмек көрсетуді және құжаттарын ресімдеуді көздейтін, яғни қайта әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін нормалар бар. Айта кету керек, азаптаулар жасағандар, террористер, экстремистер, рецидивистер және тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар рақымшылыққа жатпайды.