00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде электр энергиясын пайдалану 1,4%-ға төмендеді

Елімізде электр энергиясын пайдалану 1,4%-ға төмендеді
ашық дереккөз

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Министр мәліметінше, 16 қазанда электр энергиясын өндіру 86,9 млрд кВтсағ құраған. Ал электр энергиясын тұтыну 86,8 млрд кВтсағ құрады. Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,4%-ға төмен.

Тұтынудың төмендеуі көбіне цифрлық майнинг бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырған тұлғаларды анықтауға қатысты жүргізілген жұмыстармен байланысты. Осыған орай,  энергия жүйесінің өткен жылдардағы жұмыс динамикасын ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңінде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт құрайды деп күтілуде, - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ Болат Ақшолақов жылыту маусымы басталғалы энергия өндіруші ұйымдар 95 пайызға дайын екенін атап өтті.

Энергия көздерінің қоймаларында 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді, – деді министр.