60 жасында ағылшынша үйреніп, Аустралияға кеткен қазақ IT маманы туралы не білеміз
60 жасында ағылшын тілін үйренген Алмахан Батырқұлов Аустралияның Сидней қаласындағы ірі компанияда ІТ маман болып жұмыс істейді, деп жазады Elorda.info.
КТК телеарнасындағы сюжеттен мәлім болғандай, өмір бойы Қазақстанда еңбек еткен ол зейнетке шыққан соң жұбайымен Аустралияға көшіп кетеді. Сонда қос қызы тұрады екен. 60-тан асқанында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, аз уақытта-ақ меңгерген ақсақал Сиднейдегі ірі компанияға 63 жасында орналасып, көпшілікті таңғалдырған. Алты жыл бойы жат елде жұмыс істеп жүр.
Біздің компания CRE конференцзал орнатады, компьютер конференция өткізетін барлығына бақылау жасайды да. Одан кейін «блайнтс» дейді, перделерді жауып қояды, пультпен, одан кейін датчиктер болады, желді, барлығын есептеп тұрады. Біз оны орнатамыз, үлкен қаржы орталығы болсын, жаңадан салынған. Соған құрал-жабдық қоямыз, соның бәріне бақылау жасайды, – дейді Алмахан Батырқұлов.
Бүгінде білікті IT маманы атанған ол Аустралияда Қазақстандағыдай тәртіп, сыйластық жоқ екенін айтады.
Барлығымыз алға ұмтылуымыз керек. Жастар оқып, тіл білуі керек. Үш тіл білсе жақсы, қазақ, ағылшын, орыс тілін жас кезінен үйренсе, біз, қазақтар, басқа халықтан озбасақ, қалмаймыз. Бізде тәртіп, сыйластық бар. Мұндай тіпті Аустралияда жоқ, – дейді ақсақал.