Елімізде жастардың жасын 35-ке дейін бекіту ұсынылды
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Қазақстанда жастардың жасы 14 жастан 35 жасқа дейін бекіту ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Жобаның мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру.
Заң жобасында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
14 қараша, 2024
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге қандай көмек көрсетіледі
14 қараша, 2024
Майқайыңдағы апат: Көз жұмған құтқарушының туыстары 120 млн емес, 30 млн теңге ғана алатын болды
14 қараша, 2024
Жыл басынан бері қазақстандықтарға үш трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
13 қараша, 2024
Светлана Жақыпова депутаттармен отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады