Әскерден қашып келгендер еліне қайтарыла ма
Қазақстан 21 қыркүйектен бері елге ағылып келіп жатқан ресейліктерді ұстап бермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Біздің Ресеймен заңгерлік көмек көрсету, сотталғандарды айырбастау және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшарттық қарым-қатынастарымыз бар. Ең маңызды қағида – біздің елімізде де, Ресей Федерациясында да жазаланатын қылмыстық әрекеттер істеген, яғни іздеуде жүргендерді Ресей Федерациясына экстрадициялау тәртібімен анықтап, қайтаратын боламыз, - деді Марат Ахметжанов.
Министрдің айтуынша, Минск конвенциясының және қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысты құқықтық көмек көрсету аясында екі ел арасында күн сайын жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ал егер әскери комиссариаттар іздеп жатса, бұл келген адамдарды қайтарып беруге заңды негіз болып саналмайды, - деді А. Ахметжанов.