ҰҚШҰ елдерінің әскерлері Қазақстанда оқу-жаттығу өткізеді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстан аумағында ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді. Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен, – деп атап өтті ведомство.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады