00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ДСМ сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДСМ сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынды
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ министрлік 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерлерінің арасында бөлуді ұсынды.

Бұл ортақ кәсіптік жауапкершілікке әкеледі. Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен жүргізілген актуарлық есептердің нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге, оның 2,7 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің есебінен және 1,8 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың есебінен 304 мыңнан астам медицина қызметкерін қамту ұсынылады, - деді министр.

Сондай-ақ Ажар Ғиният мемлекеттік және ведомстволық наградалар беруді ұсынды.

Заң жобасы шеңберінде: 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемді ұсынумен 3 атақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» сондай-ақ 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемді ұсынумен 17 жеңімпазға республикалық конкурстың «Мамандығы бойынша үздік» мемлекеттік және ведомстволық наградалары ұсынылады, - деді А.Ғиният.