00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайының атауы өзгере ме

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорда әуежайының атауы өзгере ме
ашық дереккөз

Әділет министрі Қанат Мусин елордалық әуежайдың атауын кім өзгерте алатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Яғни, осы атауды беру шешімін шығарғандар өзгерте алады. Бұлар әуежай әкімшілігі немесе ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы,  кім атау берді, сол өзгертеді... Бұл Парламентте қаралатын мәселе емес, әсіресе Конституцияға еш қатысы жоқ, - деді Мусин. 

Осыған дейін Парламентте екі палатаның ортақ отырысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов халықтың Қазақстанның Тұңғыш Президентінің елдің дамуына қосқан үлесін ұмытпайтынын айтқан. 

Оның есімімен елорданы атау, бірнеше ескерткіш ашу, саябақтар мен білім беру мекемелеріне есімін беру - бұл құрметтің белгісі. Халықтың басты талабы - елорда атауын қайтадан Астана етіп өзгерту, - деді ол.