Кәрістен қыз алған отбасының тойы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде қазақ жігітінің кәріс қызымен шаңырақ көтерген тойы қызу талқыланып жатыр, деп жазады Elorda.info.
Бұл туралы видео ztb_kazakhstan паблигінде пайда болды.
Видеодан қазақтың дәстүрімен құдаларды шашу шашып, билеп күтіп алғанын, екі жақтың құдалары төс қағыстырып, шапан жауып, тілек айтқанын байқауға болады.
Пікір жазушылар екі тарапқа бөлініп, бірі:
«Үйленетін қазақтың қызы табылмады ма?» десе, енді бірі «керемет, кәріс құдалар қазақша түсінбесе де ойнап-күліп жүр», «құда балалар тойдың биін үйреніп келген сияқты», - деп жазып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады