00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Cалық төлемеген таксистерге қанша теңге айыппұл салынады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Cалық төлемеген таксистерге қанша теңге айыппұл салынады
ашық дереккөз

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті жеке тасымалмен айналысатын азаматтарға мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемесін орындау керектігін еске салады, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жүргізушілер ең алдымен, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет.Белгіленген нысан бойынша хабарламаны ол электронды үкімет порталы арқылы немесе мекемеге барып өткізеді.

Жеке тасымалмен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:

- патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК;

- e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК;

- оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК;

- ЖК жалпы белгіленген режимде.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК (45 945 теңге) мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзу жасаған заттары мен құралдары тәркіленеді.