00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде нәзік жандылар басқаратын компаниялар 4%-ға артты

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде нәзік жандылар басқаратын компаниялар 4%-ға артты
ашық дереккөз

Кәсіпорын иелері 100%-ы дерлік – 29 жасқа дейінгі әйелдер. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,9%-ға көп, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе мұндай кәсіпорындардың басым бөлігі қаржы орталығында, Алматыда орналасқан. Онда 2,5 мың компания бар. Көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан (2 мың кәсіпорын, бір жылда 3,1% өсім) және Шымкент (647 кәсіпорын, жылдық өсім — 7,5%) енді. Үздік 3 өңірге сектордағы компаниялардың 60,4%-ы тиесілі.

Салалар бөлінісінде жас әйелдер басқаратын кәсіпорындардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автожөндеу саласында жұмыс істейді. Бұл салада 2,8 мың кәсіпорын бар, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3%-ға аз. Одан кейін құрылыс және білім беру салалары жүреді: тиісінше 1 мың кәсіпорын және 683 компания.

Ең төмен көрсеткіш мемлекеттік басқару және қорғаныс, энергиямен жабдықтау, сондай-ақ тау-кен өндірісі салаларында байқалды.

Жергілікті жер бөлінісі бойынша жұмыс істеп тұрған, меншік иелері жас әйелдер болатын 896 компания ауылды жерлерде (жылдық өсім 21,9%), 7,6 мың компания қалаларда (жылдық өсім 2,1%) жұмыс істейді.