00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

66,1 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
66,1 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды
ашық дереккөз

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік төлемге өтінішті интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады.