00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елде бірнеше пойыздың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елде бірнеше пойыздың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан - Шымкент бағыты бойынша: 

- 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент пойызы; 

-  1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы тағайындалады. 

Сонымен қатар 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент бағытындағы қатынасы өзгереді. 

Атырау - Алматы бағыты бойынша: 

- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 Атырау - Алматы-2 коммерциялық пойызы; 

- 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 Алматы-2 - Атырау пойызы күн сайын қатынау жиілігімен тағайындалады. 

Басқа бағыттар бойынша: 

- 5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1 бағытындағы қатынасы өзгереді; 

- 5 қыркүйектен бастап №73/74 Алматы-2 – Жезқазған жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара жиілігімен жүреді; 

- 3 қыркүйектен бастап №69/70 Алматы-2 - Өскемен-1 Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ жолаушылардан жүру жолында және елдің вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.