Нұр-Сұлтанда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Сонымен қоса, мұнда Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері де қатысты.
Бұл жолы жәрмеңке «Барыс Арена» мұз сарайы жанында өтіп жатыр.
Үйдің қасында сататын дүкендерге қарағанда мұнда баға сәл арзан екенін байқадым. Алма, алмұрт сынды жемістердің бағасы да қымбат емес. Қолжетімді баға деуге болады. Бүгін бірінші рет келіп тұрмын. Маған ұнап жатыр. Алдағы уақытта да келіп тұрамын, деді елорда тұрғыны Гүлшетай Әбдірахманова.
Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге елордалықтар көп жиналған.
Мұнда дүкендермен салыстырғанда баға сәл арзандау. Бұл біз секілді зейнеткерлерге үлкен көмек деп есептеймін. Жалпы өзім мұнда жиі келіп тұрамын. Азық-түліктері де, бағалары да көңілден шығады. Бүгін мен қияр, қызанақ секілді көкөністерді сатып алдым, деді елордалық зейнеткер Кажар Сәкеева.
Бір айта кетерлігі, мұнда азық-түлік тауарларының бағалары нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.
Есілдің сол жағалауындағы дүкендерде азық-түліктер қымбат екені рас. Сол себепті жәрмеңкенің осы жақта өткізілуі халыққа өте тиімді. Бізге де оның пайдасы бар. Сондықтан жәрмеңкелерге қатысып тұрамыз. Жұмыс күндеріне қарағанда жәрмеңкелерде шамамен 10-15 пайызға көбірек табыс табамыз, деді елордалық кәсіпкер Нұрсұлу Арыстанбаева.