00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Субұрқақтардан қандай қауіп бар

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Субұрқақтардан қандай қауіп бар
ашық дереккөз

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, фонтанда шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін.

Жыл сайын, жазғы кезеңде мамырдан қыркүйекке дейінгі айларда, вирустық санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізіледі.

Бүгінгі таңда елімізде 643 субұрқақ жұмыс істейді, оның 318-і (49,4%) зертханалық бақылаумен қамтылған. Ағымдағы жылғы өткен кезеңде вирусологиялық көрсеткіштерге 197 су сынамасы, бактериологиялық көрсеткіштерге 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1%) вирусологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, субұрқақтарда шомылудан аулақ болуға кеңес береді.