00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда босқындарға үш айға дейін тұруға рұқсат беріледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда босқындарға үш айға дейін тұруға рұқсат беріледі
ашық дереккөз

Пана іздеген, босқындар мәртебесін алған көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат олардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзарту мүмкіндігімен үш айға ресімделеді, — делінген Үкімет Қаулысында.

Бұған дейін қаулыдағы тармақ мынадай болған: «Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу ҚР босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді».

Сонымен қатар, Үкімет қаулысына адам саудасының құрбандары туралы тармақ қосылды. Оларды Қазақстанда әлеуметтік қызметтердің барлық пакеті көрсетілмейінше, Отанына қайтаруға болмайды.

Қазақстанға келудің және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.

Үкімет қаулысына түзетулер 2 тамызға дейін ашық талқылануда