00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінде дәріхана пункттері пайда болады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінде дәріхана пункттері пайда болады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауды көздейтін заңға қол қойды, онда кодекске енгізілген өзгерістер ескерілген.

Министрлікпен кодекске өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу кезінде препараттарды сатып алу үшін аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілді.

Кодекске енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділігін арттырады және оларды сатып алу үшін ірі елді мекендерге бару қажеттігіне байланысты шығындарды азайтады.

Дәріханалар жоқ ауылдық елді мекендердегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері немесе жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізілетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар дәрілік саясатты жетілдіру бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетері, статистикалық деректерге сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан халқының шамамен 40%-ы ауылдық жерлерде тұрады, бұл ретте әрбір үшінші елді мекенде дәріханалар жоқ.