00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде тұрмыстық техника бір жылда 18 пайызға қымбаттады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде тұрмыстық техника бір жылда 18 пайызға қымбаттады
ашық дереккөз

Energyprom.kz мәліметі бойынша елімізде мұздатқыш камера, мультиварка, тігін машинасы, кондиционер,жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдарды сатып алу көрсеткіші төмен.

2021 жылы сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінде 11,7 мың үй шаруашылығы қатысты. Қалалық жерлерде тұратын халықтың кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультиварка, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі ауыл халқына қарағанда жоғары.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасымен қамтамасыз ету, керісінше, қала тұрғындарына қарағанда жоғары.

Ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өсті. Бағаның көтерілуі Алматы облысынан байқалды. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да 20 пайызға дейін көтірілген. Оның ішінде тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, еліміздегі тұрмыстық құралдардың басым көпшілігі импорттық. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде барлығы 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш өндірілді. Сонымен қатар сектордағы импорт 144,9 мың бұйымды құрады. Сонымен қатар, бірінші тоқсанда Қазақстанда мүлдем өндірілмейтін 150,8 мың кір жуатын машина мен кір кептіретін машина, 89,1 мың тұрмыстық шаңсорғыш, 181,9 мың миксер, ұсақтағыш пен шырын сыққыш және т.б. әкелінді.