Халықтан WhatsApp арқылы ақша ұрлаған алаяқ ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Пирамиданы ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған. Қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды. Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау. Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел өз кінәсін толығымен мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады