00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Мерейлі отбасы» байқауына құжаттар қабылдау жүріп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Мерейлі отбасы» байқауына құжаттар қабылдау жүріп жатыр
ашық дереккөз

Біз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2021 жылы қатыстық. Нұр-Сұлтан қаласының іріктеуінен өттік. Елорда бойынша 1-орын алдық. Бұл конкурсқа қатысудағы мақсатымыз өзімізге өзіміз есеп беру үшін дер едім. Неше жылдан бері балаларымызға беріп жатқан тәрбиеміз, өмір жолымыздағы ұстанымдарымыз, жетістіктеріміз бар. Бұл конкурс бағымызды, бабымызды сынап көретін бір белес болды деп санаймын, - дейді Алма Сайлауқызы.

Ал отбасының отағасы Сұңғат Самарбаев елорда тұрғындарын «Мерейлі отбасы» байқауының мақсатына тоқталып өтті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, әр отбасының ел дамуындағы маңызын көрсету. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, әрбір отбасы елімізде үлгілі бола алады. Осы мақсатта байқауға қатысып, бақ сынауға шақырамын, - деді Сұңғат Самарбаев.