00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңілдетілген автонесиемен 34 қазақстандық көлік алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңілдетілген автонесиемен 34 қазақстандық көлік алды
ашық дереккөз

Бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданды, 35,7 млрд теңге сомаға 4 834 өтінім мақұлданды. 34 автокөлік берілді (Нұр-Сұлтан 11, Алматы 4, Ақтөбе облысы 3, Алматы облысы 1, БҚО 1, Жамбыл облысы 4, Павлодар облысы 4, Шымкент 6). Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері, азаматтардың өтініштерінің қорытындылары бойынша Екінші деңгейдегі банктерге төлеуге шот ұсыну үшін автомобильдің VIN кодының болуы бойынша талап алынып тасталды. Сондай-ақ КАСКО сақтандыруына қатысты азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Осыған байланысты Қор азаматтарға қаржылық жүктемені төмендету үшін қатысушы банктерге жыл сайынғы негізде сақтандыру туралы шарт жіберді. Сондай-ақ, Қордың ЕДБ мақұлдаған өтініш берушілердің тізімінен алып тастауына және тексеруіне қатысты өтініштер келіп түседі. Айта кетейін, Қор екі жылда бір рет қана автокөлік сатып алу шартымен ғана банктер мақұлдаған өтінімдер тізбесін келіседі. Қорда келісудің басқа түрлері жоқ. Бұған 1 жұмыс күні қажет, - деді Ж.Ибрашева.